Референдум-2026

Елордада прокуратура мен төтеншеліктер «Asia Park» ұжымына өрт қауіпсіздігі талаптарын үйретті

Елордада прокуратура мен төтеншеліктер «Asia Park» ұжымына өрт қауіпсіздігі талаптарын үйретті
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елорда прокуратурасы мен «Нұра» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы бірлесіп «Asia Park» сауда-ойын-сауық орталығының ұжымына дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Дәріс өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы және оның құқықтық аспектілеріне арналды.

Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, азаматтарды эвакуациялау тәртібі, өрт туындаған жағдайда алғашқы кезектегі іс-қимыл алгоритмі түсіндіріліп, қайғылы салдардың алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қызметкерлерге өртке қарсы қорғаныс құралдары мен өрт сөндіру жабдықтары таныстырылды.

Адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы ерекше, өйткені төтенше жағдайда әрбір адамның дұрыс әрі уақтылы әрекет етуі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде 101 және 112 жедел қызмет нөмірлеріне хабарласу қажеттігін еске саламыз.