Елордада полицей балалардың жоғалған телефонын тауып берді
12 қаңтар, 2026
Фото: видеодан скрин/polisia.kz
Астанада EXPO аумағында туристік полицей Дәурен Үскенов 10 және 16 жастағы балаларға жедел көмек көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол қызмет барысында балалардың телефондары жоғалғанын анықтап, аз уақытта тауып берді.
Балалар полиция қызметкеріне көрсеткен көмегі, кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда жеке заттарына мұқият болуға шақырады және кез келген құқықтық немесе тұрмыстық жағдайда полиция қызметкерлерінен көмек сұрауға болатынын еске салады.
Бұған дейін Жамбыл облысында тұрғыннан 43 келіден астам марихуана тәркіленгенін жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астаналық студент Echo of Nomads байқауында күміс жүлде иеленді
5 қыркүйек, 2026
Астаналық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды
5 қыркүйек, 2026
Астана волонтер көзімен: қалаға көмектесіп жүрген 5 еріктінің оқиғасы
4 қыркүйек, 2026
Қазақы тазы күніне орай елордалық маман марапатталды