Елордада бес алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті әйел ұсталды
Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктінің азаматтардың сеніміне кіріп, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекті алға жылжытып беруге ықпал ете алатынын айтып, заңсыз қызмет ұсынғаны белгілі болды.
Осылайша ол жәбірленушілерден қаражат алып, уәдесін орындамай, байланысын үзген.
«Қазіргі уақытта оның кемінде бес алаяқтық эпизодына қатысы бары анықталды.
Жәбірленушілердің бірінен күдікті 1 миллион теңге алып, жеке басының қажетіне жаратқан», - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Астанада қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды.