Елордада Бас прокуратурада инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды
Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламент Мәжілісінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Қазақстан инвесторлары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың елшісі қатысып жатыр.
Сонымен қатар, бейнеконференция байланысы арқылы форумға өңірлердің әкімдері мен прокурорлары, сондай-ақ бизнес өкілдері атсалысуда.
Еске салайық, бұған дейін Астана қаласының проĸуратурасы «Атамеĸен» ҰКП-мен меморандумға қол қойғаны туралы жаздық.