Елордада балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мәселесі талқыланды
«Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласының «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) төрағаларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Кездесу барысында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу, ата-аналардың, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға заңнама мен құрылыс нормаларының талаптары түсіндіріліп, терезелерді олардың ашылуын шектейтін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтау, сондай-ақ тұрғындар арасында жүйелі түсіндіру-профилактикалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігі талқыланды.
Астана қаласының прокуратурасы ата-аналарды жас балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауға шақырады. Тек мемлекет, қоғам және азаматтардың бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана қайғылы оқиғалардың алдын алып, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға болады.