Елордада 20-дан астам азот тотығы баллоны тәркіленді

Елордада 20-дан астам азот тотығы баллоны тәркіленді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Полицейлер Астанадағы көңіл-көтеру мекемелерінен 20-дан астам азот тотығы баллонын тәркіледі. Жедел іс-шараны қалалық прокуратура үйлестірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Астана қаласы прокуратурасының дерегінше, осыған қатысты Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөлігі бойынша алты қылмыстық іс қозғалды.

Азот тотығын, яғни «көңілді газ» күшті әсер ететін заттар қатарына жатқызылған. Оны тұтынғу денсаулыққа орны толмас зардап тигізіп, кейде адам өлімімен аяқталғаны тіркелген. Сонымен қатар, бұл затты тұтынушылардың кейін есірткі пайдалануға көшетіні байқалған. 

Қала прокуратурасы күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қолданыстағы заңнамада мүлікті тәркілеу арқылы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. 

Еске салсақ, Ұлытау облысында 16 мың тоннадан астам марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды.