Елордада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
27 мамыр, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
27 мамырдан бастап Астанадағы барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжат қабылдау офлайн және онлайн форматта жүргізіледі. Онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар платформада жекелеген техникалық ақауларға байланысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланды.
1-сыныпқа қабылдау үшін төмендегі құжаттар қажет:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• баланың №052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
• көлемі 3×4 см болатын 2 фотосурет.
Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Биыл елордадан 1 400 азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады
6 қыркүйек, 2026
Астанада Жамбыл облысының креаторлары 8,6 млн теңгенің өнімін сатты
5 қыркүйек, 2026
Елордада Bala Fest-2026 ауқымды балалар фестивалі өтті
5 қыркүйек, 2026
Астанада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел өтті