Елімізде суды қайталама және айналымды пайдалану үлесі екі еседен астамға ұлғайтылады

Бүгін, 11:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елімізде суды қайталама және айналымды пайдалану үлесі екі еседен астамға ұлғайтылады
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өнеркәсіптік кәсіпорындарда су пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол жаңа Су кодексі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңмен көшуіне қойылатын талаптарын бекіткенін атап өтті. Бұл үшін жеті жылдық мерзім бөлінді, оның ішінде 2 жыл өтпелі кезең және 5 жыл жоспарларды жүзеге асыру кезеңі.

Бұл шешім 2030 жылға қарай суды қайталама және айналымды пайдалану үлесін 13%-дан 28%-ға дейін екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл шамамен 1,5 млрд текше метр суды үнемдейді.

Бұған дейін Қазақстанда жерасты суларын кешенді пайдаланудың тұжырымдамасы жасалатынын жаздық.