Елімізде өндірілген электр қуаты тұтыну көлемінен асты

Елімізде өндірілген электр қуаты тұтыну көлемінен асты
Фото: Энергетика министрлігі

2026 жылдың алғашқы 3 айының қорытындысы бойынша елдегі энергетикалық жүйенің негізгі көрсеткіштері тұрақты оң динамика көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

«Бірінші тоқсанда 33,7 млрд кВт•сағ электр энергиясын өндірілді, ал тұтыну 33,6 млрд кВт•сағ жетті. Осылайша, генерация профициті 100 млн кВт•сағ деңгейінде қамтамасыз етілді, бұл энергия жүйесінің теңгерімді жұмысын растайды», делінген министрліктің хабарламасында.

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергияны пайдалануға беру жоспарланған. Сонжай-ақ елде 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылып, екі электр станциясын кеңейту көзделіп отыр. 

Бұл жобаларды іске асыру арқылы 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесі толық шешіледі. Ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, жаңа ЖЭО-ларда ЖИ және «таза көмір» технологиялары енгізіледі