Елімізде базарлар азайып, сауда орындары қысқарды

Бүгін, 16:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде базарлар азайып, сауда орындары қысқарды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін базарлар саны 588-ге жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 38 базарға аз, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Базарлардың көпшілігі қалаларда орналасқан – 417, ал ауылдық жерлерде 171 базар бар.

Өңірлер арасында базар саны бойынша көш бастап тұрған – Түркістан облысы (103 базар). Одан кейін Алматы облысы (57) мен Ақтөбе облысы (53) келеді. Ең аз базар Ұлытау облысында тіркелген – небәрі 6.

Сауда орындарының саны да бір жыл ішінде қысқарып, 147,6 мыңды құрады (2024 жылы – 150,8 мың).

Аймақтар бойынша ең көп сауда орны Алматы қаласында орналасқан – 26,5 мың. Одан соң Жамбыл облысы (19,8 мың) мен Алматы облысы (17,2 мың) алдыңғы қатарда.

Жалпы базарлардың 265-і заңды тұлғаларға тиесілі болса, 323-і жеке кәсіпкерлердің иелігінде.

588 базардың 9-ы коммуналдық, ал 323-і жабық базарға жатады. 

Тауар түріне қарай 222 базар мамандандырылған, ал 366 базар әмбебап саналады.

Сауда көлемі бойынша 39 базар көтерме, ал 549-ы бөлшек саудаға арналған.

Еске салсақ, елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үш есе арзандады.