Референдум-2026

Қазақстанның балмұздақ экспорты 46,4%-ға өсті

Бүгін, 11:23
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанның балмұздақ экспорты 46,4%-ға өсті
Фото: Magnific.соm

2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі — 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%.

Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна).

«Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең», - делінген статистикалық мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін елімізде азық-түлік өндірісі 11,9%-ға артқаны туралы жаздық.