Дүкеннен гамбургер алған 12 оқушы уланды: сотта сатушыға айыппұл салынды

Бүгін, 16:09
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Дүкеннен гамбургер алған 12 оқушы уланды: сотта сатушыға айыппұл салынды
Фото: freepik.com

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылған жеке кәсіпкер К-ға қатысты істі қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz Жамбыл облысы соттарына сілтеме жасап. 

Сот 2025 жылдың қараша айында Байзақ ауданындағы дүкенде сатылатын тамақ өнімдерін тұтынғаннан кейін медициналық мекемеге тамақтан улану белгілері бар 12 оқушы жатқызылғанын анықтады. Жоспардан тыс тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тамақ өнімдерінің сынамаларында ішек таяқшалары тобының бактерияларын анықтады, бұл өнімді дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын дәлелдейді.

К. кінәсін ішінара мойындап, бір уақытта 12 оқушы улана алмайтынын түсіндірді, өйткені дүкенге күн сайын тек 3 гамбургер жеткізілетін.

«Сот қаулысымен К. ЖК ӘҚБтК 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған соманы 30%-ға қысқарта отырып, 1,2 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл тағайындалды. 9 қызметкердің жалақысынан айыруға жол бермеу мақсатында сот қызметін тоқтата тұру түрінде қосымша жазаны қолданбады», - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматыда пойызда 50-ден астам адам уланғаны туралы хабарладық.