Денсаулық сақтау министрлігі эбола вирусына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 11:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Денсаулық сақтау министрлігі эбола вирусына байланысты ескерту жасады
Фото: iStock

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штамы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штамға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.

«Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі.

Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды. Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн», - делінген хабарламада.

Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды.