Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе көбейеді
13 қаңтар, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.
Айта кетейік, емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Қазақстандық оқушылар FIDA USA Drone Soccer Championship турнирінде екі алтын жеңіп алды
10 мамыр, 2026
Елімізде негізгі ҰБТ-2026 басталды
8 мамыр, 2026
Қазақстандық оқушылар Финиксте өтетін жаһандық ғылыми жобалар сайысында сынға түседі
6 мамыр, 2026
Елімізде жас ғалымдарға пәтер сертификаттары табыс етілді