26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Білім саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Білім саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен

Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанда Мемлекет басшысының орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауқымды технологиялық трансформациялау жүзеге асырылуда. Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заң технологиялық дамудың жаңа кезеңін айқындайды. Жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, білімді, жаңашыл, адал азамат тәрбиелеу үшін AI технологияларын білім беру процесіне сауатты әрі сапалы енгізу - министрліктің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Жасанды интеллект мұғалімнің артық жүктемесін азайту және оқу процесін тиімді ұйымдастыруы үшін көмекші құрал ретінде қолданылуы керек», - деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Отырыста жасанды интеллектті оқу үдерісіне кезең-кезеңмен енгізу үшін этикалық стандарттарды бекіту, нормативтік базаны жетілдіру, инновациялық шешімдер арқылы білім сапасын арттыру, AI жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу бойынша мәселелер қаралды.

Білім саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобына Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева жетекші болып сайланды. Алдағы уақытта жұмыс тобының отырысы тұрақты түрде өткізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗