Барлық дауыс берушілердің құқықтары заңнамаға сәйкес сақталды – Майнур Турсумбекова

Бүгін, 20:28
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Барлық дауыс берушілердің құқықтары заңнамаға сәйкес сақталды – Майнур Турсумбекова
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорданың №486 учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы Майнур Турсумбекова сайлау заңнамасының жаңартылған нормалары және Астана қаласындағы жаңа учаскелердің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Астана қаласының №486 сайлау учаскесінде сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері, дауыс беру тәртібі және сайлау процестерінің негізгі талаптары сақталды. Жаңа нормаларға сәйкес комиссия мүшелері учаскеден тыс дауыс беруді ұйымдастыру кезінде  барлық нормалар мен ережелерге сәйкес ұйымдастырды. Дауыс берушілердің құқықтары заңнамаға сәйкес сақталды. Барлық сайлаушылар дауыс берді», - деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.