Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады
22 қараша, 2024
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
14 маусым, 2026
«Әкелер одағы» цифрлық дәуірдегі әкенің рөлі жайлы талқылады
13 маусым, 2026
Астанада Creative Aimaq жобасы аясында Ақмола облысының креативті жәрмеңкесі салтанатты түрде ашылды
13 маусым, 2026
Астанада зейнеткерлердің маусымдық би кеші өтті
13 маусым, 2026
Елордада грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды