10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда 22,7 млн тонна астық бастырылды

|
Photo: Фото: primeminister.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда 22,7 млн тонна астық бастырылды

|
Photo: Фото: primeminister.kz

Елімізде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 14,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 88,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 22,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 227,3 центнер өнімділікпен 2,6 млн тонна картоп және гектарына 306,7 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Атап айтқанда, 323,6 ц/га өнімділікпен 428,8 мың тонна қырыққабат, 440,5 ц/га өнімділікпен 1017,6 мың тонна пияз, сондай-ақ 288,3 ц/га өнімділікпен 359,6 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗