Әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне рейстерді 10 наурызға дейін тоқтатты
5 наурыз, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады, ал аталған қалаларға билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды.
Тегін қайта брондау 30 сәуірді қоса алғанға дейін, ал билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанға дейін қолжетімді», - делінген хабарламада.
Әуе компаниясының өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалап отырғандарын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен 851 адам Қазақстанға жеткізілгені туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астананы газдандыру 95%-ға жетті: елордада жекеменшік секторды қосу жұмыстары аяқталуда
3 қыркүйек, 2026
Еліміздің 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
3 қыркүйек, 2026
Мұрат Мансұров: Қазақ тазысы – ұлт қазынасы
2 қыркүйек, 2026
Артық салмақ жолды бүлдіріп, жөндеу шығынын арттырады – «ҚазАвтоЖол» ескерту жасады