Астананың «Есіл» ауданында Конституция жобасын қолдауға арналған штаб ашылды
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының «Есіл» аудандық штабы ресми түрде ашылды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының депутаты Ғабит Тәжімұратов мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Штабтың ашылуына Астана қаласынан коалиция өкілдері, қоғам белсенділері, қала тұрғындары қатысты.

«Есіл» аудандық штабы - тұрғындармен байланыс орнатуға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды алаң.
Жиында штабтың алдағы жұмысы мен жаңа Конституция жобасын түсіндіру, халықпен ашық диалог жүргізу жоспарлары таныстырылды», - деп жазды мәслихат депутаты.
Жалпы, аудандық коалицияға түрлі саладан 20-ға жуық өкіл мүшелік етеді.
Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, заңгерлер, депутаттар, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, белсенді жастар, педагогтер, сонымен қатар Қазақстан халық партиясы, Respublica, «Ауыл», «Ақ жол», партияларының мүшелері мен өкілдері бар.
Іс-шара барысында қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, пікір алмасты.