Астанадағы халықаралық кітап көрмесінің алғашқы күні 10 мыңнан астам адам келді

Бүгін, 11:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанадағы халықаралық кітап көрмесінің алғашқы күні 10 мыңнан астам адам келді
Фото: Сұлтан Сейіт

Елордада өтіп жатқан IX халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі оқырмандардың зор қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның алғашқы күнінде көрмеге 10 мыңнан астам адам келіп қатысты.

Халықаралық деңгейдегі бұл мәдени алаң кітапсүйер қауымды, баспагерлерді, жазушылар мен әдебиет жанашырларын бір арнаға тоғыстырды. Көрме барысында қатысушылар жаңа кітаптармен танысып, баспа өнімдерін сатып алып қана қоймай, түрлі әдеби кездесу мен таныстырылға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Шараның басты мақсаты – оқу мәдениетін дамыту, кітап индустриясын қолдау және халықаралық әдеби байланысты нығайту. Көрме аясында отандық және шетелдік баспалардың кең ауқымды өнімдері ұсынылған.

Айта кетейік, «Astana Eurasian Book Fair – 2026» көрмесі алдағы күндері де өз жұмысын жалғастырып, келушілерге мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынбақ.

Еске салсақ, кеше Астанада IX халықаралық «Astana Eurasian Book Fair - 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды. Кітап көрме-жәрмеңкесі 26 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, бүгін  Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнімен құттықтады.