Астанадағы базарда болған жарылыстан төрт адам зардап шекті
16 шілде, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Бүгін Астанада базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасының жарылысы болып, төрт адам зардап шекті. Зардап шеккендердің жағдайы туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі №1 көпбөйінді қалалық ауруханаға жатқызылды, бір науқас амбулаториялық негізде босатылды. Тағы бір зардап шегуші №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, Астананың базарында газ баллоны жарылды.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты – ВИДЕО
3 қыркүйек, 2026
Астанада коттедждегі 225 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді
3 қыркүйек, 2026
Астанада екі қабатты коттедждің шатыры өртеніп жатыр
3 қыркүйек, 2026
Құтқарушылар Есіл өзеніне құлап кеткен жеңіл автокөлікті судан алып шықты