Астанада Жетіген көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жетіген көшесінің Алаш тасжолы мен А.Пушкин көшесі аралығындағы учаскесінде жол төсеміне маршруттық жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Осыған байланысты:
21 тамыз сағат 21:00-ден 22 тамыз сағат 07:00-ге дейін;
22 тамыз сағат 21:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы толық шектеледі.
Жол жөндеу жұмыстары көлік кептелістерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында түнгі уақытта жүргізіледі.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада 7 автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді.