Астанада жасанды интеллект тақырыбында воркшоп өтті
Астанадағы Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіндегі цифрлық медиаплатформалар: YouTube, Facebook және Instagram желілерінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып контент дайындау және тарату» тақырыбында воркшоп өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға офлайн және онлайн режимде 100-ге жуық адам қатысты.
Жиын барысында сарапшылар жасанды интеллектінің қарқынды дамуы кезіндегі цифрлық ортаның жаңа қатерлері туралы пікір білдіріп, бейнемонтаж, дизайн және визуалды сторителлинг саласында AI енгізудің практикалық кейстерін ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Бұған дейін елімізде «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне енгенін жаздық.