Астанада жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

Бүгін, 14:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады
Фото: Астана қалалық соты

Бүгін Астана қалалық сотының жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурызының №1188 Жарлығымен:

- Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Шынар Ақылбаева;

- Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Темірлан Қайыров;

- Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Сұлтанна Құрманбекқызы;

- Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Айдын Мейрамғазин;

- Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Ақмарал Мұқашева;

- Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Ержан Сатымбек;

- Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына – Алтын Абзал;

- Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына – Бекзат Серіков;

- Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Салтанат Бейсембекова;

- Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Азат Данияров;

- Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Қайсар Сәбитов;

- Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына – Әсел Құлжанова;

- Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – Инара Жабағибаева;

- Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – Гүлжанат Махметова.

Қалалық соттың төрағасы Айдар Смағұлов жас судьяларды құттықтап, оларға кәсіби, сот төрелігін жүзеге асыруда бейтарап және әділ болуды тіледі.

Айта кетейік, Астана қалалық сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды.