Астанада су айдындарындағы қауіпсіздік күшейтілді

Бүгін, 13:24
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада су айдындарындағы қауіпсіздік күшейтілді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астана қаласында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында су айдындарында бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Күннің жылынуына байланысты елордадағы су қауіпсіздігі мәселесі өзекті бола түседі. Осыған орай құтқарушылар су айдындарын заманауи катерлермен патрульдеуді қолға алды. 

«Бұл жылдам әрі сенімді жүзу құралдары акваторияны тиімді бақылауға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ суда қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді», делінеді хабарламада. 

Айта кетейік, өткен жылы Есіл өзені бойында 150-ден астам рейд ұйымдастырылған.

Еске салсақ, құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша кеңестер берген болатын