14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін төрт аяқты роботтар қолданылады

|
Photo: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін төрт аяқты роботтар қолданылады

|
Photo: polisia.kz

Елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін төрт аяқты роботтар енгізілді. Олар қоғамдық орындарда, концерттерде, жиналыстар мен мәдени шараларда қолданылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Роботтардың негізгі міндеті – қоғамдық тәртіп бұзушылықтарды тіркеу, көпшіліктің арасынан тұлғаларды анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатер жағдайларын уақытында анықтау және оған жедел әрекет ету, төтенше оқиғалар кезінде полиция қызметкерлеріне қосымша қолдау көрсету», - деп жазады медиа-портал.

Полицияның мәліметінше, роботтардың артықшылығы – жылдам қозғалады, сенсорлар мен камералар арқылы мәлімет жинап, нақты талдау жүргізеді. Сондай-ақ олар әуліктің кез келген уақытында жұмыс істей алады, адам күшін қажет етпей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Полицияның үйлесімді жұмысы мен робот-иттерді тиімді пайдалануының арқасында Астанадағы қоғамдық шаралар мен концерттер оқыс жағдайсыз өтіп, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі.

Бұл технологиялық жаңалық құқық қорғау органдарының қызметін заманауи, тиімді және қауіпсіз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр», - дейді полиция өкілдері.

Алдағы уақытта роботтарды қолданылу ауқымы кеңейіп, қаланың барлық қоғамдық орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗