Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді

Бүгін, 21:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Елордада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Негізгі іс-шара – Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында 23 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 10-13 қазаны аралығында Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдениет күндері өткен еді.

Еске салсақ, Шымкентте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында 12 құжатқа қол қойылды.