03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағы табысталды

|
Photo: Астана қаласы Мәдениет басқармасынан
Астанада көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағы табысталды
Фото: Астана қаласы Мәдениет басқармасынан

Астанада көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағы табысталды

|

Елордада көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Халықтық» атағын беру туралы бұйрығын Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов табыстады.

Атақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен 2025 жылғы 11 қарашада өткен комиссия отырысының шешімі негізінде берілді. Комиссия құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, сондай-ақ мәдениет және өнер саласының қайраткерлері енді.

«Халықтық» атағы берілген көркемөнерпаздар ұжымдары:

– «Шаңырақ» театры;

– «Әдемі» ардагерлер ансамблі;

– «Әжелер-Шаңырақ» фольклорлық ән-би ансамблі;

– «Қыздарай» хореографиялық ансамблі;

– «Радуга» орыс әндері ансамблі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗