Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 21 және 22 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орын маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Бұған дейін Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түлік тауары бойынша ең төмен бағаны сақтап отырғанын жаздық.