Елордада бүгін екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
«2025 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.