Астанада Баршын көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Баршын көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Баршын көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар Н. Тілендиев даңғылынан С. Мұқанов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 1-10 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Бұған дейін Байтұрсынов – Аманжолов көшелерінің қиылысы уақытша жабылатынын жаздық.