Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруге қатысты

Астанада алғашқы сайлаушылар дауыс беруге қатысты
Фото: Астана әкімдігі

Астанада алғашқы сайлаушылар 2026 жылғы Құрылтай сайлауында дауыс беруге қатысты. Елордадағы сайлау учаскелері сағат 7:00-де ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сайлау учаскелерінде азаматтарды комиссия мүшелері қарсы алады. Құжаттары тексерілгеннен кейін, сайлаушыларға бюллетеньдер беріліп, олар дауыс беру кабиналарына өтеді. Учаскелерде алғаш болып дауыс берген азаматтарға естелік сыйлықтар табысталады.

Елордада дауыс беру үшін 438 сайлау учаскесі ашылды. Оның ішінде 403 учаске ашық, 35 учаске жабық форматта жұмыс істейді. Барлық санаттағы азаматтарға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы жағдай жасалған.

Астаналықтар өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайын sailau.astana.kz веб-сервисі, @sailau_astana_bot Telegram-боты, 2GIS қосымшасы немесе 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы біле алады.

Еске салайық, елордада 23 тамыз күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру – тегін.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық online-марафон өтеді.