Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Астанада 29 және 30 тамыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен еліміздің әр өңірінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап және басқа да тауарларды тиімді бағада сатып ала алады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Іс-шаралар 29 және 30 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
- «Keryen Joly» СОО – Алаш тасжолы, 35Б;
- «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орындарға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317, сондай-ақ №45, 66, 305 және 312 автобус бағыттары қатынайды.
Еске салсақ, Астанада Арқар көпірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады.