Астанада Арқар көпірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Бүгін, 12:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Арқар көпірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірі (М1) бойынша деформациялық тігісті жөндеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осыған байланысты 25-29 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Ш.Уәлиханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылатынын жаздық.