Астана халықаралық әуежайы биыл 9,2 миллион жолаушыны қарсы алды
2025 жылдың қорытындысы бойынша Астана халықаралық әуежайы 9,2 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл – елорданың Қазақстандағы жетекші авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін айқын дәлелдейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
9,2 миллионыншы жолаушы Turkish Airlines авиакомпаниясының халықаралық рейсімен келген шетел азаматы Cola Andreas болды. Ол Астанаға отбасымен бірге ұшып келді.
Айтулы оқиғаға орай жолаушы мен оның отбасы Астана халықаралық әуежайы, Turkish Airlines авиакомпаниясынан және Astana Visit атынан естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Бүгінде әуежайдан тәулігіне 200-ден астам рейс орындалады. Жолаушылар ағынының тұрақты өсуі әуе тасымалдарына деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш – Астана халықаралық әуежайы ұжымының жүйелі еңбегі мен жолаушылар сенімінің нәтижесі.