Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Берік Асылов Қазақстанның Бас прокуроры лауазымына қайта тағайындалғанын жазғанбыз.