AMANAT партиясының мүшелері елорда тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

AMANAT партиясының мүшелері елорда тұрғындарымен есептік кездесу өткізді
Фото: AMANAT партиясының Есіл аудандық филиалы

Бүгін Астананың №103 мектебі қабырғасында AMANAT партиясы  Есіл аудандық филиалының депутаттары халықпен кезекті есептік кездесу өткізді. Ашық форматтағы бұл жүздесу аудан тұрғындарымен алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz партияның аудандық филиалына сілтеме жасап.

Кездесуге AMANAT партиясы Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова, Астана қаласы мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы және Астана қаласы мәслихатының депутаты Самидин Сәуле Самидинқызы қатысты.

Шара әуелі  AMANAT партиясы Есіл аудандық филиалының биыл атқарған жұмыс есебінен басталды.

Сонымен қатар Астана қаласы мәслихаты депутаттарының орындаған істері айтылды.
Тұрғындар көтерген әр мәселе назардан тыс қалмай жүзеге асты.   


Жиын барысында тұрғындар өз сауалдарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Кездесуге қатысқан қала басқармаларының басшылары халық тарапынан көтерілген мәселелерге жауап берді. 

Бұған қоса кездесуде ауданның тыныс тіршілігіне бей жай қарамайтын тұрғындар марапатталды.

Олардың қатарында ПИК және ОСИ төрағалары, мердігер ұйым өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері бар.

«Атқарылған жұмыс аз емес. Партия – бұқара мен билік арасындағы алтын көпір. Халық игілігі үшін орындалатын істер жалғасады», - деп атап өтті партия өкілдері.