Алматыда 1 млрд теңгенің вейпін саудалағандардың ісі сотқа жөнелтілді
Алматыда ірі заңсыз вейп саудасының ұйымдастыруға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, қазір алты адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кезекті қылмыстық істі аяқтады. Күдіктілер тыйым салынған өнімді «ESCOBAR OPTOM», «Snake opt» және басқа да Telegram арналары арқылы сатқан.
Тергеу барысында 180 мыңнан астам вейп тәркіленіп, жойылды. Олардың нарықтағы құны 1 миллиард теңгеден асуы ықтимал. Сондай-ақ, қоймалар мен сату нүктелері анықталды.
Күдіктілердің 347 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне шектеу салынды.
Прокуратура 2024 жылдан бастап Қазақстанда электронды темекі, оларға арналған хош иістендіргіш пен сұйықтықты әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынғанын еске салады.