Алматы прокуратурасы интернет және телефон алаяқтығымен күресті күшейтті
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің бастамасымен TNS Plus ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС, Jusan Mobile АҚ және «Кар-Тел» ЖШС байланыс операторларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұған дейін осындай келісімдер «Қазақтелеком» АҚ және Kcell-мен жасалған болатын.
«Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 6 млн астам алаяқтық қоңырауларға тосқауыл қойылып, SIM-box пен 5 колл-орталықты пайдаланудың 14 жағдайын анықтауға мүмкіндік берді. 9 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шығарылды.
Жәбірленушілер 268 млн теңге сомасына 85 талап-арыз берді, оның 69-ын соттар қанағаттандырды. Сондай-ақ 100-ден астам құқыққа қайшы интернет-ресурстарына тыйым салынған», - делінген хабарламада.
Серік Кәріпбеков заманауи алаяқтық схемалар, мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті. Меморандум ақпаратпен жедел алмасуды, құқыққа қарсы байланыс арналарын тиімді бұғаттауды және азаматтардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етеді.
Тараптар ынтымақтастықты дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және алаяқтықтың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге дайын.
Бұған дейін Ақмола облысында 23 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жаздық.