Алғаш рет сайлауға қатысқан Альбина: «Бұл – әр азаматтың борышы»
Астанадағы 315-сайлау учаскесінде 19 жастағы қала тұрғыны Альбина Омарбаева алғаш рет дауыс берді. Жас сайлаушы өз таңдауын жасап, сайлаудың маңыздылығы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Менің ойымша, дауыс беру – әрбір Қазақстан азаматының азаматтық борышы. Қазір елімізде бірнеше партия бар. Олардың әрқайсысы елдің дамуына өзіндік үлесін қоса алады деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі сайлауды Қазақстанның дамуына жасалған маңызды қадам деп бағалаймын», – деді Альбина Омарбаева.
Жас сайлаушы өзі дауыс берген партия жеңіске жетіп, қысқа мерзім ішінде нақты әрі нәтижелі жұмыстар атқарады деген үмітін білдірді.
Сонымен қатар Альбина жас сайлаушыларды ынталандыруға бағытталған бастамаларға да оң бағасын берді. Оның пікірінше, сайлау туралы шараларды әлеуметтік желілерде көбірек ақпарат тарату маңызды.
Сайлауға алғаш рет қатысқан Альбина Омарбаеваға естелік сыйлық табысталды.