Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына айыппұл салынды
Екі авиакомпания әкімшілік жауапқа тартылып, әрқайсысына 432,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
«Әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсыну фактісін анықтады. Осыған байланысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін Астана әуежайында жөндеу жұмыстары басталды. Рейстердің уақыты өзгеретіндіктен жолаушылар рейс уақытына қатысты ақпаратты алдын ала нақтылап алу тиіс.