Әйел мен қызды өлтірді деп күдіктелген қарағандылық өзіне қол салды

Әйел мен қызды өлтірді деп күдіктелген қарағандылық өзіне қол салды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Күдіктінің өлі денесі Ақтоғай ауданынан табылды. Ол жеке қаруымен өзін-өзі атқан, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйітін тапты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті өзі атына тіркелген қаруын пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қарағандының Крылов көшесіндегі үйде 38 жастағы келіншек пен оның кәмелетке толмаған қызының өлі денесі табылды. Полиция күдіктінің аты-жөні белгілі болғанын, оны ұстау шаралары қолға алынғанын мәлім еткен еді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Ал құқық қорғау органдары қайғылы оқиғанының мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу іс-шарасын бастап кетті.