Қытаймен шекарада «Достық» жаңа өткізу бекеті іске қосылды


Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде кеден «Алакөл» бекеті құрылысының аяқталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жаңа нысан «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру» жобасы шеңберінде салынды. Бұл жобаны іске асыру сыртқы экономикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, шекарадан өту уақытын қысқартуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен азаматтар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған. 2025 жылғы 12 мамырдан бастап өткізу пункті толық көлемде жұмыс істей бастаған.

Қазіргі заманғы «Достық» өткізу пункті автоматтандырылған кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлеріне арналған барлық қажетті технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Жаңғыртудың негізгі нәтижелерінің бірі жолақтардың санын екіден алтыға дейін арттыру болды. Бұл өткізу қабілеттілігін тәулігіне 800 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, шекарадан өту уақыты едәуір қысқарады және халықаралық тасымалдардың логистикасы жеңілдетіледі.