Полицейлер орманда адасқан зейнеткерді іздеп тапты

Бүгін, 15:38
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Полицейлер орманда адасқан зейнеткерді іздеп тапты
Фото: polisia.kz

ШҚО орманында адасқан зейнеткерді полицейлер мен құтқарушылар аман-есен тапты, - деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары нәтижесінде орманда жоғалып кеткен 68 жастағы зейнеткерді бір тәулік ішінде тапты.

Старая Черемшанка ауылының тұрғыны дәрілік өсімдіктер теру үшін Зимовье ауылына жақын маңдағы орманға барған. Алайда кешке үйіне оралмаған. Ертеңінде өзі жақындарына хабарласып, адасып кеткенін айтып, көмек сұраған. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары дрондар мен радиобайланыс құралдарын пайдалану арқылы кең көлемде жүргізілді. Кешке қарай зейнеткер орман ішіндегі төбе етегінен табылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оның денсаулығына қатер төнбеген. Полиция орманға шыққан азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды, бағыттары мен жоспарларын жақындарына алдын ала хабарлауды, сондай-ақ қажет заттар мен байланыс құралдарын алып жүруді ескертеді.