03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Моноқалаларды дамытуға 500 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

|
Photo: Фото: primeminister.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Моноқалаларды дамытуға 500 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

|
Photo: Фото: primeminister.kz

Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аталған елді мекендерді ауқымды қаржылық қолдау туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Моноқалаларды қаржыландыру туралы айтатын болсақ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері тарапынан инфрақұрылымды дамытуға жыл сайын қаражат бөлінеді. Мәселен, 2020–2024 жылдар аралығында 512,4 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 241,6 млрд теңге бөлінді. Биыл 106,6 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 28,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деді ол.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде моноқалаларда 2025–2028 жылдар кезеңімен 82,4 млрд теңге сомасына 41 жобаны жүзеге асыру көзделгені атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗