03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстауда 35 жастағы келіншек он екінші перзентін дүниеге әкелді

|
Photo: фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Маңғыстауда 35 жастағы келіншек он екінші перзентін дүниеге әкелді

|
Photo: фото: freepik.com

29 мамыр күні таңертең 35 жастағы маңғыстаулық Ақмоншақ Жақсылықова он екінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Lada.kz жазуынша, осы жолы келіншек қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы - 3900 грамм, бойы 53 см.

Көп балалы ананың айтуынша, отбасында енді 10 қыз, екі ұл бар. Ол 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019, 2020, 2021, 2022, 2024 және 2025 жылдары босанған.

Бүгінде ана мен баланың дені сау және олар үйлеріне шығарылған.

Дегенмен «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенова  әйелдерге ескерту жасады.

«Демографиялық тұрғыдан алғанда, бұл, әрине, жақсы. Бірақ мен дәрігер ретінде пациенттерімізге үнемі айтамын - әйел ағзасы қалпына келуі керек. Бала көтеру және босану әйелден көп күш пен ресурс талап етеді. Сондықтан босану арасындағы аралық кем дегенде екі жыл болуы керек. Осы уақыт ішінде дене қалпына келіп, демалады», - дейді дәрігер.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗