Бизнес туралы қазақша үздік кітаптар


Бұл материалда қазақ тілінде шыққан бизнес кітаптарға шолу жасаймыз.
Ақшасыз өмір сүру неғайбыл заманда бай болғысы келмейтін адам жоқ. Бай болу жолдарын үйрететін коуч та, кітап та көп. Қазақстанда шетелдік авторлардың еңбегін қазақшаға аударып, басып шығаратын баспалар артып жатыр.
Осы орайда Информбюро тілшісі қазақ тіліндегі бизнес әдебиеттерге шолу жасап, қаржылай жағдайын жақсартқысы келетін оқырмандар оқуға тиіс кітаптар тізімін дайындады.
"Аяқ киім сатушы", Фил Найт
Nike компаниясының тарихы 50 доллардан басталатынын білесіз бе? Стэнфорд университетінің бизнес-мектебін енді ғана бітірген Фил Жапониядан арзан да сапалы аяқ киім әкеліп сату үшін әкесінен қарызға ақша алған. Компания ашып, алғашқы жылы сатылымнан 8 мың доллар пайда тапты. Бүгінде Nike компаниясының жылдық сатылымы 30 млрд доллардан асады.
Қазір Nike тек спорт аяқкиімін сататын компания ғана емес, өзіндік өмір салты, құндылықтар жүйесі, тіпті тұтас философиясы бар компанияға айналды. Осының бәрі қалай басталды, мұндай табысқа қалай қол жеткізді, міне, осының барлығын баяндайтын, миллиондарға құлшыныс сыйлаған кітапта автор өз мақсатына жету жолында амалсыздан қулыққа да барғанын, басқа да пендешіліктері мен қателіктерін де бүкпесіз айтып, өкінішін жеткізеді. Мұны оқып отырып осынау алпауыт корпорацияны құрған адамның дәл өзіңіз секілді жұмыр басты пенде екенін, оның бойында да тура сіздікіндей қорқыныш, күмәндану, өз-өзіне көңілі толмаушылық бар екенін түсінесіз. Турасын айтқанда, бұл оның жеке күнделігі. Еңбек сонысымен де құнды.
Билл Гейтс "Аяқ киім сатушы" кітабына "Табысты бизнеске апарар жолдық шын мәнінде қандай болатынын көрсететін таңғажайып хикая" деп баға берген.
Бұл кітаптан сіз Фил Найттың бизнес саяхатын қалай бастағанын, қандай қиындықтарға тап болғанын және тығырықтан қалай шыққанын білесіз. Автор өз ісіңе құштар болу, табанды болу, мақсатқа ұмтылу, тәуекел ету, жаңашылдық енгізу, команда, қателіктен үйрену, бренд қалыптастыру туралы да сөз етеді.
2023 жылы Mazmundama баспасы қазақша басып шығарған.
Ленсиони – танымал іскерлік романдардың авторы, жаттықтырушы және тиімді корпоративтік ортаны құруға маманданған консалтинг компания президенті. Корпоративтік ортада жүрген кез келген адамға аталған "Топтың бес ақаулығы. Басшылық туралы мысал" кітабы қызық болары анық. Мұны бизнес-триллер деп атауға болады.
Ленсиони күрделі басқару мәселелерін қарапайым тілмен қызық баяндайды. Кітаптан алған білім өмір бойына кәдеге жарайды. Кітап аға және орта буын басшыларына, HR менеджерлеріне және команданы топтастыруға қызығатындарға пайдалы болмақ.
2023 жылы Zerde Publishing баспасы қазақша басып шығарған.
"Inner Drive: Андердогтен жаһандық компанияға дейін", Арсен Томский
Сібірдің шалғай өңірінде, әлемдегі ең суық қалада құрылған компания тарихы туралы және адамның қайтпас рухын, армандарға ұмтылуын және адам басқаратын технологияның күшін дәріптейтін тартымды хикая.
"Топтың бес ақаулығы", Патрик Ленсиони
Кремний алқабындағы табысты техкомпания нарықтағы позициясын тез жоғалтып, директорлар кеңесінің төрағасы тығырықтан шығу үшін даулы шешім қабылдайды. Басшылыққа бизнес саласында қарапайым білімі бар, АҚШ әскерінің бұрынғы қызметкері 57 жастағы зейнеткер әйелді алады. Патрик Ленсионидің іскерлік романы Кэтрин тәртіпті қалпына келтіріп, компанияны аяққа тұрғыза ала ма деген сауалдан басталады.
"Андердогтен жаһандық компанияға дейін" кітапында Uber, Didi, Grab және басқа да такси қызметін көрсететін ірі компаниялардың ғаламдық бәсекелесі – inDrive компаниясының құрылу тарихы баяндалады. Сібірдің алыс түкпірінде 2012 жылы әлеуметтік желі арқылы әділетсіздікке қарсы тұру мақсатында пайда болған такси қызметі бірнеше жылдан кейін әлемнің жүздеген қаласын қамтып, табысы миллиардтаған долларға жететін ірі бизнеске айналды. Компанияның құрылтайшысы және бас директоры Арсен Томский бұл кітапта өзінің өмірлік тәжірибесін бейнелі де тартымды тілмен баяндап, ұйымшыл әрі жігерлі командасының арқасында халықаралық компанияны қалай құрғаны туралы әңгімелейді, мол табысқа жетудің қыр-сырын ортаға салады.
Якут және қазақстандық кәсіпкер Арсен Томский еңбек жолын программист ретінде бастаған. Арсеннің қайталанбас өмір жолы әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандарды шыққан тегі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан өз өмірін басқаруға шабыттандырады.
2025 жылы Mazmundama баспасы қазақша басып шығарған.