00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда неғұрлым ірі көлемде микрокредиттер рәсімдейді

Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда неғұрлым ірі көлемде микрокредиттер рәсімдейді
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Робокэш.кз» МҚҰ (Займер) жүргізген зерттеуде талдаушылар микроқаржы ұйымында рәсімделетін кредиттің мөлшеріне не әсер ететінін және қарыз алушылардың қандай санаттары ірі көлемде кредит алуға көбірек бейім екенін бағалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ресми статистика деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 1 тамызда МҚҰ кредит қоржыны 1,36 трлн теңгені құраған. Соның ішінде 1,15 трлн теңгесі – халыққа берілген кредиттер. Жалпы алғанда, МҚҰ өнімдері бойынша кредиттеу көлемі ай сайын өсіп келеді, бұл ретте «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер) талдаушылары микрокредиттер берумен байланысты белгілі бір заңдылықтарды анықтай алды.

Кредиттердің мөлшері бойынша айырмашылықтар

Сервис клиенттері арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 2024 жылдың алғашқы алты айында әйелдер микрокредиттерді ерлерге қарағанда жиірек рәсімдеген. Осылайша, қарастырылып отырған кезеңде микроқаржы ұйымдарына ең болмағанда бір рет жүгінген әйелдердің үлесі – респонденттердің жалпы санының 67%-ын, сол уақытта кредит рәсімдеген ерлердің үлесі 53%-ын құрады.

Бір қызығы, әйелдер ерлерге қарағанда неғұрлым ірі сомада микрокредит алуға бейім. Мәселен, жаңа клиенттер арасында әйелдер алған микрокредиттің орташа чегі ерлердікінен 15%-ға жоғары, ал МҚҰ-на бірнеше рет жүгінгендер арасында 50%-ға көбірек.

Осылайша, әйелдердің микроқаржы ұйымдарында алғаш рәсімдеген микрокредитінің мөлшері 38%-ға, ал қайта рәсімдеген кредитінің мөлшері орташа есеппен алғанда 20%-ға көбірек.

Бас тарту жиілігі

Сонымен қатар, Займер талдаушыларының деректері бойынша, кредит беруден бас тарту жағдайы ерлерден гөрі әйелдерде жиірек кездеседі, бұл бірінші жағдайда олардың жүгіну саны айтарлықтай жоғары болуына байланысты.

Салыстыратын болсақ, 10 әйелдің ішінде орташа есеппен алғанда 6 адамға кредит беруден бас тартылса, ерлер арасында бас тартулар саны шамамен үштен бір бөлігін құраған.

Тағы бір байқалғаны – қарыз алушылардың жас мөлшері, МҚҰ клиентінің орташа жасы көбінесе 42 жастан аспайды (қарыз алушылардың 76%-ы).

Алайда бұл көрсеткішті гендерлік тұрғыдан қарастыратын болсақ, айырмашылықтар бар. МҚҰ-да кредит рәсімдеген азаматтардың үштен бір бөлігі (37%-ы) – 25-38 жас аралығындағы әйелдер. Ерлер арасында қарыз алушылардың 52%-ы – 23-30 жас аралығында. Яғни, МҚҰ ер жынысты клиенттерінің көпшілігі әйел жынысты клиенттерден жасырақ.

Бір қызығы, төлем тәртібі тұрғысында ерлер де, әйелдер де өздерін сенімді қарыз алушы ретінде көрсетті. Екі топта да үнемі төлем мерзімін кешіктіретін (жылына 3 айдан астам) азаматтар көрсеткіші сауалнама нәтижелері бойынша 5%-дан аспайды.