Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жазғы демалыс кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады


Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті балаларға қауіпсіздік ережелерін, соның ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және үнемі еске салып отыру өте маңызды екенін ескертеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
"Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең алдымен ата-аналардың міндеті. Сол себепті балаларға қауіпсіздік ережелерін, соның ішінде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және үнемі еске салып отыру өте маңызды.
Өрт – адамдарға үлкен зиян келтіретін апат. Ол кез келген уақытта, кез келген жерде пайда болуы мүмкін. Сондықтан оған әрдайым дайын болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет", - делінген хабарламада.
Балаларға арналған негізгі ережелер:
- Ешқашан сіріңке және отпен ойнамаңыздар, достарыңыздың немесе кішкентай балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.
- Сарай, жертөле, шатыр сияқты жерлерде от жағып ойнауға болмайды. Ондай жерлерге тек күндіз және қажет болған жағдайда ғана барыңыздар. Кешкі уақытта жарық қажет болса – тек электр шамдарын пайдаланыңыздар.
- Сіріңке мен шамдарды қолдануға мүлдем болмайды.
- Электр жылытқыш құралдарымен ойнауға болмайды – бұл өте қауіпті! Қосулы күйде қараусыз қалған электр құралдарынан жиі өрт шығады.
От пен түтіннен қорғануға көмектесетін қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
- Сіріңке мен тұтатқыштар – үй шаруасына арналған құралдар, ойыншық емес. Кішкентай ғана ұшқын үлкен қайғыға себеп болуы мүмкін.
- Егер өрт үйіңде шықса – тезірек сыртқа шық. Артыңнан есікті жапқаның жөн.
- Үйден шығатын екі жол бар екенін есіңде ұста: есік арқылы шыға алмасаң, көмекке балконнан немесе терезеден шақыр.
- Өрт кезінде ешқашан төсек астына, шкаф ішіне тығылма – өрт сөндірушілер сені таба алмай қалуы мүмкін.
Есіңізде болсын:
Бұл ережелер бір ғана нәрсені талап етеді – отты абайлап қолдану.
Астана қаласы ТЖД
аға инженері азаматтық қорғау
аға лейтенанты Е.Е.Полатов